АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ БАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН HALYK OPEN CUP ТУРНИРІ ӨТТІ
Турнирді #АуылФутбол жобасы аясында «Арман ауыл» Жеке қоры ұйымдастырды. Ақмола облысының ауылдарынан 10 команда, сондай-ақ Қарағанды облысынан «Киік» футбол клубы мен Қостанай облысынан екі команда жеңіске жетеді.
Турнирдің мақсаты – ауыл балалары футболын қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау.
Турнирге #АуылФутбол жобасының командалары да қатысты. Бұған дейін барлық жоба командалары бірігей формамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ал Halyk Open Cup турниріне қатысу үшін командалардың жол ақысын төлеуге қаржылай көмек көрсетілді.
«Ауыл командаларының басты мәселелерінің бірі – турнирлерге қатысу мүмкіндігінің жоқтығы», — дейді «Арман ауыл» Жеке қорының президенті Айгерім Болат. – Турнирлер әдетте коммерциялық сипатқа ие, команда жарнасының сомасы 50 мың теңгеден кем емес. Одан бөлек, командада бірегей форма болуы керек. Турнир өтетін жерге жету үшін көлік жалдау керек. Сондықтан «Халық» қайырымдылық қорының турнирлер өткізуге қолдау көрсетуі ауыл балаларының өзін-өзі танытуына және жаңа тәжірибе алуына тамаша мүмкіндік болып табылады».
Турнирдің жеңімпазы болып Талапкер ауылының SPARTANS командасы (жоғарыдағы суретте) атанды. Арайлы ауылының футболшылары күміске қол жеткізді.
SPARTANS үйірмесінің 9-10 жасар балалар командасы үшінші орын алды.
Бұл «Халық» қорының қолдауымен өткен аймақтық турнирлер сериясындағы бесінші турнир. Бұған дейін ойындар Алматы, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарында өткен. #АуылФутбол жобасы 2024 жылы осындай турнирлерді 14 облыста өткізуді жоспарлап отыр.
«Бұған дейін #АуылФутбол жобасының аясында UEFA «D» санатындағы Футбол федерациясының курсында 100 ауылдық жаттықтырушыны оқытуға демеушілік жасалды. Сондай-ақ 100 команда жаттығу құралдарымен қамтамасыз етілді. Ауыл командалары арасында облыстық турнирлер сериясы жоспарланған. Бүгінде бесінші аймақта өтіп жатыр. Алда тағы 9 облыстық турнир бар, оның жеңімпаздары Республикалық HALYK OPEN CUP турниріне жолдама алады. Күзде Алматы облысында өтеді», — дейді «Халық қоры» Алматы облыстық филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов.
#АуылФутбол жобасы 2020 жылы іске қосылды, идея авторы журналист, қоғам қайраткері Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері — ауылдағы балалар футболына қолдау көрсету. Жоба аясындағы жұмыс барысында 180-нен астам аулдық командаға материалдық қолдау көрсетілді, екі ауылда футбол алаңы салынды, тренерлер үшін ондаған оқыту семинарлары өткізілді, сондай-ақ 30-ға жуық соның ішінде республикалық турнирлер өткізілді.
2024 жылдың 16 наурызында соңғы 4 жылдағы басты оқиғалардың бірі — үздіктерін марапаттау #AuylFootballAWARDS – 2023 рәсімі өтті. Шараның бас демеушісі «Халық» қайырымдылық қоры болып табылады. Марапаттау шарасы ауыл балалары футболын қолдау, футболды спорт түрі ретінде кеңінен насихаттау спортпен айналысу, сонымен қатар балаларды футбол ойнауға мотивация қалыптастыруға бағытталған.