Жаңалықтар

Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз

Бүгін, 7 тамызда Ақтөбе облысында қайғылы оқиға орын алды. Қарашатау ауылының футбол команданың бапкері мен балалары жол апатынан қаза тапты.

Балалар «Арман Ауыл» жеке қорының #АуылФутбол жобасы аясында ұйымдастырылған Маңғыстау облысындағы турнирге бара жатқан.

«Бұл орны толмас, жүректі ауыртатын үлкен трагедия. Өзіміз де хабарды енді естіп отырмыз. Әзірге бізде қаза болғандар туралы нақты ақпарат жоқ. Бізге бапкер Абилкаев Жандос пен бес баланың қаза тапқаны жайлы хабарлады. Команда екі көлікпен жолға шыққан. Көліктердің бірі ауыр жүк көлігімен соқтығысыпты. Бұл хабардан есімізді жия алмай жатырмыз. Жоба атынан, осы жоба аясындағы барша жаттықтырушылар мен балалардың атынан қаза болған, зардап шеккен азаматтарымыздың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз», — деді #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов.

«Арман Ауыл» Жеке қоры, Алматы облысы, 7 тамыз 2024 жыл.

***

Сегодня, 7 августа, в Актюбинской области произошла страшная трагедия. В ДТП погибли тренер и дети сельской футбольной команды из села Карашатау.

Дети направлялись на турнир в Мангистаускую область, организованный Частным Фонда «Арман Ауыл», в рамках реализации проекта по поддержке детского сельского футбола #АуылФутбол.

«Это страшная трагедия. На данный момент мы не располагаем точной информацией о погибших. Нам сообщили, что погиб тренер Абилкаев Жандос и пятеро детей. Команда выехала на двух автомобилях. Одна из машин столкнулась с большегрузом. Это стало большим потрясением для всех нас. От имени проекта, от лица тренеров, детей выражаю соболезнования семьям погибших и пострадавших», — сказал руководитель проекта #АуылФутбол Серик Мамбетов.

Частный фонд «Арман Ауыл», Алматинская область, 7 августа 2024г.

Back to top button