Қор туралы
«Арман Ауыл» Жеке Қайырымдылық Қоры 2020 жылдың қыркүйегінде ауылдағы әлеуметтік жобаларды, оның ішінде спорттық, мәдени, білім беру және ғылыми жобаларды іске асыруға және ілгерілетуге жәрдемдесу мақсатында құрылды.
Қордың негізгі жобасы 2020 жылдың басында қоғамдық негізде іске қосылған «АуылФутбол»жобасы.
Жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері:
— ауылда футбол алаңдарын салуға жәрдемдесу;
— ауылдық командалар үшін спорт нысандарын, футбол доптарын, жаттығу құралдарын және т. б. сатып алуға жәрдемдесу.;
— жаттықтырушылар мен топ жетекшілерін Менеджмент, Маркетинг және жобаны ілгерілету негіздеріне, оның ішінде әлеуметтік желілерде оқыту;
— түрлі деңгейдегі турнирлер өткізу-аймақтық, облыстық және республикалық, халықаралық;
волонтерлік жобаларға қатысу;
Сонымен қатар, Қор Қарасай ауданындағы аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеді. Қордың жоспарында білім беру және экологиялық жобалар бар.