Қор туралы
Қор туралы
«Арман Ауыл» жеке қоры
«Арман Ауыл» жеке қоры – ауыл балаларының спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау, ауыл футболын дамыту және өңірлердегі балалар клубтарын қолдау мақсатында құрылған қоғамдық ұйым.
Қордың басты мақсаты – ауылдық жерлердегі дарынды балаларға мүмкіндік беріп, бұқаралық футболдың дамуына үлес қосу, инфрақұрылымды жақсарту және жаттықтырушылар мен еріктілердің жұмысын қолдау.
Бүгінде қор республикалық #АуылФутбол жобасын жүзеге асырып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауыл командаларын біріктіріп келеді.
Атқарылған жұмыстар
Қор қызметі аясында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды:
- Ауылдарда 5 балалар футбол клубы құрылды;
- 2 ауылда заманауи футбол алаңы салынды;
- 120-дан астам футбол клубына материалдық көмек көрсетілді;
- «Халық» қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды;
- Демеушілермен және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар әзірленді;
- Ұйымдастыру жұмыстары мен әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша 30-дан астам семинар өткізілді;
- 40-тан астам турнир ұйымдастырылды, оның ішінде 5 республикалық турнир өткізілді;
- Instagram желісінде жоба мен клубтардың ресми парақшалары ашылып, жобаның ресми YouTube арнасы іске қосылды.
Біздің миссиямыз
Біз әрбір ауыл баласының сапалы жаттығуға, жарыстарға қатысуға және өз қабілетін дамытуға тең мүмкіндік алуы тиіс деп санаймыз. Сондықтан ауыл футболын дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асырып, серіктестермен, демеушілермен және жергілікті қауымдастықтармен бірлесіп жұмыс істейміз.
Байланыс мәліметтері
«Арман Ауыл» жеке қоры
Мекенжайы:
040923, Алматы облысы, Қарасай ауданы,
Райымбек ауылы, Еламан көшесі, 1А
БСН: 200940016307
Банк деректемелері:
ЖСК: KZ50 9652 7F00 0834 6099
«ForteBank» АҚ Қаскелең қаласындағы филиалы
БСК: IRTYKZKA
Президенті:
Болат Айгерим Серікқызы