Жаңалықтар

«RedSapsans Үміт» турнирлер сериясы басталды

Райымбек ауылындағы RedSapsans футбол клубының алаңында жас футболшыларға арналған «RedSapsans Үміт» турнирлер сериясының алғашқы ойындары өтті.

Турнирдің алғашқы жарысында 2017–2018 жылы туған балалар өзара бақ сынап, шеберліктерін көрсетті. Жас футболшылар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлерге әсерлі матчтар сыйлады.

Турнир қорытындысы бойынша «Миллениум Кеңтас» командасы барлық қарсыласынан басым түсіп, чемпион атанды.

Жеңімпаз команданы лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Жас футболшыларға алдағы жарыстарда да толағай табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!

Back to top button