Жаңалықтар
“HALYK” қорының 10 жылдығына орай HALYK OPEN CUP республикалық турнирі

Турнирге еліміздің әртүрлі ауылдарынан 2015–2016 жылдары туған ойыншылардан құралған он алты команда қатысады.
Жарыстың бас демеушісі – «Halyk» қайырымдылық қоры. Дәстүрге сай, бұл шара ауыл балалары үшін жыл сайынғы мерекелік оқиғаға айналмақ.
Биылғы турнирдің ерекшелігі – оның «Halyk» қорының 10 жылдығымен тұспа-тұс келуі және мерейтойды атап өту алаңына айналуы.
Командаларға сәттілік. Ауыл баласы — Халық баласы!
Жеңісті күндер көп болсын!