RedSapsans ДЮФЛ лигасының чемпионы атанды

RedSapsans футбол клубының 2014–2015 жылы туған ойыншылардан құралған командасы Алматы қаласының балалар мен жасөспірімдер футбол лигасында (ДЮФЛ) қатарынан екінші жыл чемпион атанды.
Финалдық кездесуде RedSapsans командасы «Мечта» ұжымын 6:0 есебімен ойсырата жеңіп, чемпиондық атағын сәтті қорғады.
Команданың бұл жетістігі тәртіптің, табандылықтың және жүйелі дайындықтың нәтижесі болды. Клуб өкілдері жас футболшылардың дамуына қолдау көрсетіп жүрген ата-аналарға да алғысын білдірді.
Чемпион команда сапында:
Талғат Асқар (капитан), Мұқан Әлихан, Қуанышұлы Хамза, Камалбаев Асылхан, Қаныжан Алдияр, Турсункулов Әлихан, Барбол Омар, Серік Жансерік, Алым Али, Кеңгесбай Бейбарыс, Арғынбек Айсұлтан, Жумабаев Әли, Мұқан Алим, Лесбай Иса, Дәуренбек Айсұлтан, Төлеутай Саян және Сәрсенәлі Бекарыс өнер көрсетті.
Осылайша RedSapsans жас футболшылары Алматы қаласының ДЮФЛ додасында қатарынан екінші мәрте жеңімпаз атанып, өздерінің жоғары деңгейін тағы бір дәлелдеді.