Сұрақ-Жауап
#АуылФутбол жобасына қалай қосылуға болады?
Сұрақ: Жобаға қандай командалар қатыса алады?
Жауап: Жобаға тек ауылдық елді мекендердің балалар футбол командалары қатыса алады.
Сұрақ: Балалардың жасына қандай талап қойылады?
Жауап: Команда құрамында міндетті түрде 10 жасқа толмаған балалар болуы керек.
Сұрақ: Әлеуметтік желідегі парақша міндетті ме?
Жауап: Иә. Команданың әлеуметтік желіде белсенді жүргізілетін ресми парақшасы болуы тиіс.
Сұрақ: Жоба қандай ережелерге негізделген?
Жауап: Барлық қатысушылар FIFA футбол қағидаларын толық мойындап, «#АуылФутбол» жобасының талаптарын сақтауы қажет.
Сұрақ: Жасына немесе құрамына сай келмейтін ойыншыларды қатыстыруға бола ма?
Жауап: Жоқ. Біз «подставаға» қарсымыз. Мұндай жағдай анықталса, команда бапкері жобадан бірден шығарылады.
Сұрақ: Жобаға қалай тіркелеміз?
Жауап: WhatsApp арқылы хабарласыңыз да, республикалық «#АуылФутбол» жобасының мүшесі атаныңыз.
Байланыс:
📱 +7 777 721 6808 — Серік Мәмбетов
Ауыл футболын бірге дамытайық! ⚽