Өтініш жазу
«Арман Ауыл» жеке қоры ауыл футболын дамытуға бағытталған ұсыныстарды, серіктестік бастамаларды және әлеуметтік жобаларға қатысты өтініштерді қабылдайды.
Егер сіз:
- ауылда балалар футбол клубын ашқыңыз келсе;
- футбол алаңын салу немесе жөндеу бойынша ұсыныс жасағыңыз келсе;
- турнир өткізуге қолдау сұрағыңыз келсе;
- демеушілік немесе серіктестік туралы ұсыныс білдіргіңіз келсе;
- қордың қызметіне қатысты өзге де мәселелер бойынша хабарласқыңыз келсе,
өтінішіңізді WhatsApp арқылы жолдай аласыз.
Байланыс
Серік Мәмбетов
📱 +7 777 721 6808
Өтінішіңізде төмендегі мәліметтерді көрсетуді сұраймыз:
- аты-жөніңіз;
- елді мекеннің атауы;
- байланыс телефоныңыз;
- өтініштің қысқаша мазмұны.
Барлық өтініштер қаралып, мүмкіндігінше қысқа мерзімде жауап беріледі.
Ауыл футболын бірге дамытайық!